Байқоңыр қаласының периметрі тәулік бойы бейнебақылануда
2018 жылғы 12 желтоқсан 23:08 44
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат — Байқоңыр қаласының периметрі бойынша орнатылған 132 бейнебақылау таспасы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қала периметрін бейнебақылау бөлімі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің бұйрығымен 2018 жылдың қазан айында «БайқоңырБайланысИнформ» кәсіпорнында құрылған.
Бейнебақылау бөлімінің басшысы Юрий Лукавский құрамына 20 қызметкер кіретін бөлімнің басты міндеті — периметр бойынша тәулік бойы бейнебақылау жүргізу, құқықбұзушылықтарды тіркеу және олар туралы полицияға шұғыл хабарлау екенін айтып берді. «Бөлім жұмыс істеген екі айдың ішінде периметр қоршауын бұзудың 10 әрекетінің және кабельді ұрлаудың алды алынды. Бейнематериалдар «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ-ға жіберіледі», — деп атап өтті Ю.Лукавский.
Қала әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде бейнебақылау бөлімінің «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ-мен және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігімен жұмыс алгоритмін келісу процесі жүргізілуде.
Қала периметрін тәулік бойы бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды жедел елеу қалаға заңсыз кірудің алдын алып, Байқоңыр аумағындағы қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі болып табылатын Байқоңыр қаласы, сонымен қатар ғарыш кешенін жалға алу жағдайында Ресей Федерациясының құзыретінде және федералдық маңызы бар қала мәртебесіне ие.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz