Байқоңыр қаласындағы көп бейінді ауруханадағы өрескел заңбұзушылықты баяндаған арыз жазылды

0

Қызылорда обоысы Байқоңыр қаласындағы көп бейінді ауруханада орын алып жатырған өрескел заңбұзушылықты баяндаған аурухана ұжымының арызы редакцияға келіп түсті.

 

«ҚР бас прокуроры Б.Н. Асыловқа

Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаевқа

Қызылорда облысының прокуроры Н.Д. Бижановқа

Байқоңыр қаласының  прокуроры Н.Оңғарбаевқа

 Арыз

Осы арызымыз арқылы Сізден Байқоңыр қаласындағы көп бейінді ауруханада орын алып жатырған өрескел заңбұзушылықты атап өткіміз келіп отыр.

11.04.2022 жылы Байтилеуов Талгат Алишевич сағат 15:00-де заңсыз жиналыс жасап, өзін осы ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалдым деп негіздеме бұйрығын көрсетпей, аурухананың кәсіподақ төрайымы                        Г. Әбдіхалықоваға қорқыту арқылы жиналған ұжымның көзінше қанша айлық аласын, сен ол айлықты ақтамайсын, 67 000 теңге негізсіз алып отырсын деп қорқытушылық сипаты бар сөздер айтты. Одан бөлек қаншама ұжымның көзінше аурухананың бас дәрігерінің емхана ісібойынша орынбасары Төремуратова Лаззат Серіковнаның сыртынан сөздер айтып, ол кісіні жұмыстан шығарамын, маған келіп өтінішін жазсын және де барлық орынбасарларды ауыстырып, өз командамды құрамын, үлкен өзгерістер болады деп бопсалауда.

Одан бөлек хирургия бөлімінің меңгерушісі Оспанов Шахмарат Есенжоловичтің қызметтік бөлмесіне барып сен өз еркімен жұмыстан шық, болмаса сені жұмыстан шығартып жіберемін деп ескертулер айтты.

ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 149-бабының, 1)-тарманының  1-1)-тармақшасының талаптарына сәйкес Аурухананың бас дәрігерін тағайындау мәселесі байқау кеңесінің шешімімен айқындалатыны, яғни денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді – деп көрсетілген. Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарында көрсетілген.

Бұл ретте Байтилеуов Талгат Алишович ауруханаға бас дәрігер болып негізсіз және заңсыз тағайындалған болып табылады. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының  11.04.2022 жылғы бұйрығы заңды күші жоқ деп бағалаймыз, себебі аталған бұйрық ҚР-ның 06.04.2016 жылғы «Құқықтық актілер туралы» № 480 Заңының 65-бабы 4-тармағына сәйкес рәсімделген, алайда  аталған баптың 4)-тармағы — ҚР 29.06.2020 жылғы  № 351-VI   Заңымен алып тасталған, яғни құқықтық негіздемесі және күші жоқ.

Аталғандардың негізінде Сізден Т. Байтилеуовтың аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарына қарсы тағайындалуына байланысты, дереу шара қолданып, заңды шешім қабылдауыңызды сұраймын. Мәселе шешілмеген жағдайда Конституцияның кепілі – ҚР Президенті Қасымжомарт-Кемелұлы Тоқаевқа  ұжымдық тікелей видео үндеу жолданады.

Қосымша: Заңсыз Бұйрық көшірмесі

Арызданушылар:    Аурухана ұжымы