Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
Қысқа сілтеме алу
Адамға ұқсайтын робот ғарышкерлердің басшылығымен орбитада бірқатар тәжірибе жасайды
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. «Союз МС-14» ғарыш кемесі және «Федор» роботын ғарышқа жеткізетін «Союз-2.1а» зымыран тасығышы таяуда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.
Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында хабарлады.
«Байқоңырда «Союз-2.1.а» зымыран тасығышын ұшыру кешеніне тасымалдау аяқталды», — деп жазды ол.
На Байконуре транспортировка РКН «»Союз-2.1.а» на стартовый комплекс завершена. pic.twitter.com/lXXNNYAcXQ
— Дмитрий Рогозин (@Rogozin) August 19, 2019
Дмитрий Рогозин атап өткендей, бұл алаңқайдан 395 зымыран ұшырылған. 22 тамызда «Союз МС» зымыраны «Союз-2.1.а» тасығышымен ғарышқа аттанады.
Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен «Прогресс» жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.
395 пусков проведено с этой 31-й пусковой площадки.
Ракета установлена на стартовый стол. Пуск 22 августа станет испытанием корабля «Союз МС» на РН «»Союз-2.1.а», ранее на этой ракете запускали лишь космические аппараты и грузовой корабль «Прогресс».
«Союз МС» летит впервые pic.twitter.com/7O9sZkUkAJ— Дмитрий Рогозин (@Rogozin) August 19, 2019
»Союз» зымыранының ұшуын кім тамашалайды?
Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин «Союз-ФГ» зымыранының «Союз МС-15» кемесімен ұшырылуын тамашалауға «Уральские авиалинии» әуе компаниясының 230 жолаушы мінген Airbus A321 лайнерін жүгері алқабына қондырған экипаж мүшелері – командир Дамир Юсупов пен екінші ұшқыш Георгий Мурзинді, сондай-ақ Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевті шақырды.
Тағы оқыңыз: «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырлан ұшырылды
Мәскеу түбінде ұшқыштар 200-ден астам адамның өмірін құтқарды
Ресейлік экипаждың командирі Дамир Юсупов Airbus А32 ұшағын жүгері алқабына қондырып, 200-ден астам адамның өмірін құтқарып қалды. Ұшақ қолмен басқару арқылы қондырылған болатын. Тәжірибелі командирге екінші ұшқыш Георгий Мурзин көмектесті.
Жолаушыларды бортсеріктер Дмитрий Ивлицкий, Алия Слякаева, Дмитрий Гончаренко, Надежда Вершинина және Яна Ягодина эвакуациялады.
Дамир Юсуповтың жасы 41-де. Ол 2013 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университетін үздік дипломмен тәмәмдаған. ЖОО-ны бітірген соң бірден «Уральские авиалинии» әуекомпаниясына жұмысқа тұрды. Дамир Юсупов барлығы 3 000 сағат ұшқан екен.
Тағы оқыңыз: 136 мінген ұшақ өзенге құлады — фото
Екінші ұшқыш Георгий Мурзиннің жасы 23-те. Ол 2017 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университетін бітірген. Әуе компаниясына жұмысқа 2018 жылы тұрды. Ол барлығы 600 сағат ұшқан.
sputniknews.kz