«Байлығының бір тиынға керегі жоқ»: Марат Омаровтың ұлынан жүкті болған бойжеткен баласына тегін беруді сұрап отыр — Қазақстан жаңалықтары
Түркістандық бойжеткен Камшат Таубай танымал композитор Марат Омаровтың баласы Азамат Омаровтан балалы болдым дейді. Бірақ әлі күнге дейін не баланың әкесімен, не Марат Омаровпен байланыса алмай отырғандарын айтады. Оның жалғыз талабы баласына өз тегін берсе екен дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» ток-шоуына сілтеп хабарлайды.
Жас ананың айтуынша кішкентайының әкесі танымал композитор Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров. Әйгілі компазитор Марат Омаров танитындар бұған сене алар емес. Бұл қарапайым қыздың танымал текке қара күй жағуы мүмкін деп топшалайды.
«Аяғымның ауыр екенін білген соң, Азаматтың өзіне жаздым. Ол «мүмкін емес, мен ұрық өлтіретін дәрі ішіп алғанмын» деді. Одан кейін жауап бермей қойды», — деген Камшат онымен қалай танысқандарын айтты.
«Ол маған уәдені беріп-беріп тастап кеткеніне жылап отырмын. «Сені әйелдікке аламын. Шымкентте, Алматыда екі той жасаймын. Мен сені жақсы көремін» деп айтқан сөздері көп. 2017 жылдың аяғында әпкем екеуміз Алматыға жұмыс істеуге келдік. Менің әпкемнің құрбысының күйеуі сол Азаматтың сыныптасы. Алматыға келген соң әпкемнің қызының қолы күйіп ауылға кетіп қалады. Біз осы жақта пәтер жалдап тұрдық. Әпкемнің құрбысының туған күні болып, оған Азамат келді. Сол кезде танысқанбыз», — дейді даяшы болып істеп жүрген Камшат. Азаматпен танысқан кезде оның Марат Омаровтың ұлы екеніне мән бермегенін айтады.
«Сыныптасына хабарласып «кеше мен туған күнде көрген қыз менің түсіме кірді» деп айтқан екен. Одан кейін ол күніге үйге келе бастады. Сосын Байдос «бұл менің сыныптасым, білесің ба, ол Марат Омаровтың баласы» деді. Солай таныстық. Төрт ай танысып жүрген соң аяғымның ауыр екенін білдім», — дейді Камшат Таубай.
Бай, танымал адамның ұлы маған қарайды, ғашық болады деп ойладың ба, күдік болған жоқ па деген сұраққа:
«Маған қалай болсада бәрібір болды. «Мен сені жанымда алып жүремін, жақсы көремін» деген сөздер айтты. Тіпті, маған студияснынң жанынан дүкен ашып берейін деген ұсыныс айтты. Мен тігіншілікті оқыған едім.Бірақ керек емес, қорқамын дедім. Ол маған өлердегі сөзін айтты. Мен сеніп қалдым», — деп көзіне жас алып жауап берді.
«Төсекте келісіммен болдық. Аламын, жақсы көрем деген соң мен сендім. Жасы да менен он екі жасқа үлкен. Тастап кетеді деген ойда болмадым. Ішімен бұл мені тастамайды, жасы үлкен, жас жігіт емес, ойланатын шығар деген ойлар болды. «Сен ешнәрседен қорықпа, мен сені тастамаймын», — деген сөздеріне сеніп қалған Камшат Азамттың бұрын отбасылы болып, бала шағасы бар екенін білсе де жақсы көргенін айтады.
«Аяғымның ауыр екенін білген соң талай рет жаздым, бірақ жауап болған жоқ. Алдыртып тастайын ба деп сұрадым үндемеді», — деді Камшат Таубай.
Камшаттың анасы Сәуле Жаперова қызының от басып қалғанын тек төрт ай өткен соң барып білген. Енді сәбиге алимент төлеп, тегін беруді сұрап отыр.
«Байлығының бір тиынға керегі жоқ. Қолымен істеді ма мойнымен көтерсін. Бізді кедей, әкесі жоқ деп басынып отырған шығар. Немеремнің тегін берсін. Басында естігенде шок болдым. Біздің теңіміз емес деп айттым», — деген ол Марат Омаровпен телефон арқылы тілдескенін айтады.
«Жанкүйеріңізбін, әндеріңізді сүйіп тыңдаймын деп бастадым. Жай сөзбен жеткізуге тырыстым. Сіздің баласыз менің қызыммен осындай болып қалыпты деген едім: «бұдан кейін ондай сөзіңді естімейін, ондай сөзбен мені мазалама деп телефонды өшіріп тасады», — дейді Сәуле Жаперова.
Бағдарлама барысында кішкентай сәбиден ауыз сілекейін алып, ДНҚ сараптамасына жіберілді.
stan.kz