Байлығы тасыған қазақтардың ұлан-асыр тойы жұрттың жағасын ұстатты
Желіде пайда болған видеода қазақтар үйлену тойын ерекше даңғазалықпен өткізіп жатыр
Фото: Видосы Казахстан
02:06 24.11.2018
Әдемі ұлттық киімдер киіп, бүкіл салт-дәстүрді сақтап өткізіліп жатқан ұлан-асыр үйлену тойының шеруі екі қабатты зәулім үйге беттеп келеді. Құдалар жағы аузы-мұрнынан төгілтіп сыйлыққа толтырылған үлкен қораптар көтеріп келеді, — деп жазады Sputniknews.kz.
Үйлену тойының қайда өтіп жатқаны беймәлім.
Дегенмен қазақтың тойы осыншалықты даңғазалықпен өтіп жатқаны Желі қолданушыларын таңғалдырды.