Домой Жаңалықтар Байлығы 519 миллион долларға бағаланатын олигарх

Байлығы 519 миллион долларға бағаланатын олигарх

0
60

Forbes журналының нұсқасы бойынша Қайрат Боранбаев Қазақстанның ең бай және ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50 қатарына кіреді. Оның байлығы 519 миллион долларға бағаланады деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сержан Жұмашовпен бірге Алматыдағы Esentai Tower БО және Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығына иелік етеді. Сондай-ақ, кәсіпкер Республика алаңында жалпы ауданы 25 мың шаршы метр болатын «Алмалы» жерасты сауда орталығының жалғыз меншік иесі болып табылады.

Боранбаевтың тағы бір елге белгілі бизнесі – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald ‘ s франшизасы.

Ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа серіктестерімен бірге ковидке қарсы «Спутник-V» ресейлік вакцинасын әзірлейтін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС басқарады.

(Фото Ulysmedia.kz сайтынан алынды)