«Байларыңызды байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманәлі тағы да елді шулатты

0

Композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде өзін отбасылы ер адамдар мазалайтынын айтып, олардың әйелдерін сынға алды.

«Маған әрдайым әйелі бар еркектер келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен сиқырлы күшім тартатын шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өз арсыздықтарыңызды менен көрмеңіздер. Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан «ақ, таза» қыз іздемес еді», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «Бұл – қақпан. Әйелі сізге әдейі жала жабу үшін ұйымдастырып отырған болуы мүмкін» деген пікір қалдырды.

Ол ерлердің өзіне тартылуын «тазалығы мен сиқырлы күшінен» деп түсіндірді. Пікір білдірушілердің бірі мұның қақпан болуы мүмкін екенін айтқанда, Әнару оған келісіп, белгілі бір әйелден көп қорлық көргенін жеткізді.