Байланыс қызметтерінің бағасын төмендету үшін қолжетімді «әлеуметтік» тарифтер әзірленеді

0

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, кабельдік кәрізжелі қызметтерінің тарифі соңғы екі жылда еш өзгермеген әрі ол қызмет тек заңды тұлғаларға көрсетіледі.  

Д. Щеглованың айтуынша, ауыл тұрғындарына телефон және интернет тарифтері бойынша (2013 жылдан бастап) өз құнынан төмен бағамен қызмет көрсетіледі. Телефон байланысы тарифі —  596 теңге (ал өзіндік құны — 1125 теңге), интернет тарифі — тарифтік жоспарға қарай 982 теңге мен 1964 теңге аралығында (өзіндік құны — 2932 теңге).

Ауылдық жерлерде тариф бойынша әмбебап қызмет көрсететін операторларға өтемақы бюджет есебінен төленеді. Биылғы жылы осы қызметтерді субсидиялауға 8,7 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде байланыс қызметтерінің тарифтік қолжетімділігі бойынша Қазақстан жоғарғы орында тұр. Оның ішінде ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 29 орында болса, ал бекітілген кеңжолақты интернет қызметтері бойынша 20 орында», — дейді Д. Щеглова.

Байланыс қызметтеріне бағаны төмендету бойынша тапсырманы орындау мақсатында ҚР АКМ барлық ірі байланыс операторларының: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысуымен кеңес өткізді.

«Кеңес қорытындысы бойынша байланыс операторлары қолжетімді «әлеуметтік» тарифтік жоспарларды әзірлеу арқылы байланыс бойынша көрсетілетін қызметтер тарифін төмендетуді ұсынды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне осы айдың соңына дейін жаңа трифтік жоспарлардың құрылымы, қызмет көрсету көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Операторлардан әлеуметтік тарифтік жоспарлар бойынша ақпарат алған соң оларды БАҚ-тарда насихаттау жұмыстары жүргізілетін болады», — деп түйіндеді вице-министр.