Байланыс операторларымен тариф бағасын төмендету мәселесі қаралды – вице-министр

0
84
26 Қараша 2018, 11:49 277 0

Фото: Otyrar.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова елімізде байланыс операторларымен тариф бағасын төмендету мәселесі қаралғанын жеткізді.

Вице-министрдің айтуынша, кабельдік кәріз жүйелерін жалға беру қызметтік тарифтері, әрі ауылдарда кабельдік телефон мен интернеттің субсидияланған тарифтерін реттеу аталған министрліктің құзыретінде екен.

Осы ретте Динара Щеглова тарифттер соңғы 2 жылдың ішінде өзгермегенін атап өтті.

«Кабельдік телефон және интернет тарифтері ауылдық тұрғындарға 2013 жылдан бастап, өз құнынан төмен бағамен қызмет көрсетілді. Ауылдарда кабельдік телефон байланысы тарифі 596 теңге, ал өзіндік құны 1125 теңге, ауылдарда интернет тарифі 982 теңгеден 1964 теңгеге дейін тарифтік пакеттер бар. Ал оның өзіндік құны 2932 теңге. Ауылдық жерлерде осы қызмет көрсету бойынша өтемақы бюджет есебінен жасалады», – деді ол.

Оның айтуынша, биыл аталған қызметтерді субсидиялауға мемлекеттен 8,7 млрд теңге бөлінген.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде байланыс қызметтерінің тарифтік қолжетімділік ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 29-орында. Ал бекітілген кең жолақты интернет қызметтері бойынша 20-орында тұр», – деді вице-министр.

Осы орайда Динара Щеглова байланыс қызметтерін төмендету бойынша байланыс операторларымен келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді.

«Министрлік «Қазақтелеком», «Транстелеком», «Қазтранском», КCell, «КарТел», Mobile байланыс операторларымен келіссөз жүргізілді.

«Нәтижесінде келесі айдың аяғына дейін қолжетімді әлеуметтік тарифтер пакетін әзірлеп, байланыс бағасын төмендету ұсынылды. Аталған тарифтік пакеттер бойынша ақпарат құралдарында жарияланады», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ