Байден түлектерді құттықтап жатқанда құлап қалды (ВИДЕО)

0

АҚШ президенті Джо Байден Колорадо штатында Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде шалынып, құлап түсті.

New York Post басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті сахнада жатқан құм дорбасына шалынып қалған. Осы кезде полицейлер дер кезінде жетіп келіп, президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Айта кетсек, АҚШ-тың Әскери-әуе күштері академиясы Колорадо штатында орналасқан. Бұл жерде америкалықтар ғана емес, дүниежүзінің барлық азаматы білім ала алады. Академияда Қазақстанның да бірнеше студенті оқыған.