Байден Трамптың шетелдіктерде АҚШ-қа кіруге тыйым салған жарлығының күшін жойды

0
42
President Joe Biden delivers remarks on racial equity, in the State Dining Room of the White House, Tuesday, Jan. 26, 2021, in Washington. (AP Photo/Evan Vucci)

АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамптың көптеген грин-карта иелеріне Құрама Штаттарға кіруге тыйым салған жарлығының күшін жойды.

Трамп жарлықты былтыр шығарып, коронавирус пандемиясына байланысты америкалықтарды жұмыссыздықтан қорғайтынын мәлімдеген. Шетелдіктердің бірқатар категориясы үшін өлкеге кіруге тыйым салынған жарлық 2020 жылдың соңына дейін күшінде болған, бірақ Трамп оны наурыз айының соңына дейін ұзартты.

Миграция мәселелері бойынша заңгерлердің айтуынша, Трамптың жарлығы көптеген иммигарциялық визаларға бөгет қойған.

Иммигранттар отбасы мүшелерімен АҚШ-қа кіру құқығынан ажыратылған. Денсаулық сақтау салалары бойынша жұмыс істейтін кәсіп иелерінен басқа шетелдіктерге жұмыс визасы берілмей қалған.