Байден Тоқаевты АҚШ-та өтетін саммитке шақырды
АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен C5+1 форматында алғашқы саммит өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі newscentralasia-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Д.Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвке жіберілген хатында айтылған.
«БҰҰ Бас ассамблеясының алдағы сессиясын тағатсыздана күтіп жүрмін, онда біз халықтарымыз өміріндегі анағұрлым маңызды түйіткілдер бойынша прогреске жететін боламыз», — делінген Uzdaily жариялаған Америка президентінің хатында.
«C5+1» — бұл шешімдер қабылдауға арналған өңірлік платформа. «Плюс» белгісі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан үшін арналған.
ОА мен АҚШ басшыларының (СА5+1) кездесуі БҰҰ Бас ассамблеясы аясында 19 немесе 20 қыркүйекте өтетіні жоспарланған.
Негізі қаланған 2015 жылдан бері C5+1 алаңында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы диалог пен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында сарапшылар мен тақырыптық жұмыс топтары кездесті.
C5+1 жұмыс топтары экономика, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік сынды бағыттарды өзек етеді.