Байден Ресеймен арадағы сауда қатынасын тоқтатуды ұсынбақ

0
51

8 наурызда АҚШ Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салған еді.  АҚШ президенті Джо Байден әлем қауымдастығына Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресеймен арадағы сауда қатынасын тоқтатуды ұсынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, Ақ үй басшысы Ресей импортының тарифін көтеруді көздеп отырған көрінеді.  Бұған дейін АҚШ Конгресінің екі палатасының мамандандырылған комитеттерінің басшылары Ресейден энергия көздерін сатып алуға тыйым салу, Ресей және Беларусьпен арадағы алыс-берісті тоқтата тұруға бағытталған заңнамалық құжатты мақұлдағанын жариялады. Бұл заң жобасы бойынша, Байден Ресей мен Беларусь өнімдеріне арналған тарифтерді көтеру құқығына ие болады. Егер Мәскеу мен Минск бірқатар шартты орындаса, шектеудің күші жойылады. Еске сала кетсек, 8 наурызда АҚШ Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. Кейін Ұлыбритания да осындай шешім қабылдады.