Байден АҚШ президенті ретіндегі қоштасу сөзін сөйледі

0

АҚШ президенті ретіндегі қоштасу сөзінде Джо Байден америкалықтарға байлық пен билікті олигархтар тобының қолында шоғырландыру қаупі туралы ескертті, деп жазады Еuronews.

Бақылаушылар мен БАҚ Байден Илон Маскты меңзеп отыр деп есептейді.

Ол АҚШ президенті ретінде халықпен қоштасу сөзінде Америкаға үлкен ықпал мен билікке ие болып отырған аса байлардың олигархиясы қауіп төндіретінін қаперге салды.

– Мені қатты алаңдататын кейбір жайттар туралы айтқым келеді. Биліктің байлығы аз адамдардың қолында шоғырлануы қауіпті, — деді Байден.
Джо Байден сөз арасында «техно-өнеркәсіптік кешен» терминін қолданды.

17 минуттық сөйлеген сөзінде қызметтен кеткен президент Дональд Трамптың немесе оның айналасындағылардың ешқайсының атын атаған жоқ. Бірақ Байденнің сөзі анық болды. Миллиардер Илон Маск үкіметтің тиімділігін арттыру басқармасының басшысы ретіндегі жаңа қызметінен бастап Трамп әкімшілігіне үлкен ықпал ететініне күмән келтірмейтін жеткізді.

Сонымен қатар Байден америкалық демократиялық институттардың тұрақтылығына сенетінін атап өтті.

Ол өз жолдауын халыққа, отбасына және президент кезіндегі қолдаушыларына арнады.