Байден 20 долларлық купюрада құлдыққа қарсы күрескен афроамерикалық әйелдің портретін қойғысы келеді

0
58

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі АҚШ жетінші президенті Эндрю Джексонды 20 долларлық купюрада құлдыққа қарсы күрескер Гарриет Табменның портретімен ауыстыру туралы мәселе көтерді. Экс-президент Дональд Трамптың әкімшілігі бір уақытта бұл мәселені кейінге қалдырды.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі құлдыққа қарсы күрескер Гарриет Табменды 20 долларлық жаңа купюрдің бетіне айналдыру үшін күш-жігер танытады. Бұл туралы 25 қаңтарда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки хабарлады.

Псакидің айтуынша, Қазынашылық департаменті Табменды жаңа 20 долларлық купюралардың алдына қою үшін «күш-жігерін жаңарту үшін шаралар қабылдап жатыр». Ол банкноттар АҚШ-тың тарихы мен алуан түрлілігін көрсетуі керек деп атап өтті. Гарриет Табмен – АҚШ-дағы құлдыққа қарсы және әлеуметтік реформалар жөніндегі американдық қоғамдық қайраткері.

Құлдықтан құтылғаннан кейін, ол құлдыққа қарсы белсенділер мен «жер асты теміржолы» деп аталатын баспаналар желісін қолдана отырып, 70-ке жуық құлды, оның ішінде отбасы мен достарын құтқару үшін күресті.

Табменды банкнотқа енгізу жұмыстары Барак Обаманың президенттігі кезінде басталды. Олар 1920 жылы қабылданған және әйелдерге дауыс беру құқығын берген АҚШ конституциясына 18-ші түзетудің жүз жылдығымен сәйкес келгісі келді.

Алайда, Трамптың қаржы министрі Стивен Мнучин 2019 жылғы Конгресстегі тыңдау кезінде дизайн өзгерісі 2028 жылға дейін кешіктірілетінін мәлімдеді. Қазір 20 долларлық купюрада АҚШ-ның жетінші президенті Эндрю Джексонның портреті ілінген.

Керімсал Жұбатқанов

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету