Бәйбішесіне ән арнаған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды
Ол «Бәйбіше» деп аталатын әнінен үзінді жариялады, — деп жазады Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер», деп жазба қалдырған.
Әннің мәтініндегі:
— Жан әлемің әдемі, соған қарармын, Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын», — деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.
«Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа»; «Тоқалдарға точно ұнамайды»; «Оған да адалмын дегені қалай кетті?!» «Тоқалың бар ма?», — деп жазды желі қолданушылары.
фото: azattyq-ruhy.kz