«Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмкін»

0
77
Фото abai.kz сайтынан алынды

Бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмкін, деп жазады abai.kz сайты. 

Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Жақында Б.Б.К (Бауыржан Байбек) есімді азаматқа халықаралық іздеу салынады деген сыбыс бар. Қажылықтың ұзаққа созылатын түрі бар…Әйеліне де қойылар сұрақтар тізімі бар екен. Бірақ ол ресми түрде декреттік демалыста», — делінген жазбада.

Бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бұдан бұрын, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін, наурыздың ортасында Бауыржан Байбек Германияға ұшып кетті кетті деген ақпарат тараған болатын.