Баянның бағы тағы жанды
Баянның «Я пышка» деп аталатын фильмі Тула қаласында өтіп жатқан 21-ші Халықаралық «Улыбнись, Россия! » кинофестивалінде жеңіске жетті. Бұл туралы белгілі продюсер өзінің жеке парақшасында хабарлады.
«Достар, бізді құттықтауларыңызға болады, біз Халықаралық «Улыбнись, Россия!» кинофестивалінде екі бірдей сыйлыққа ие болдық. «Я пышка» комедиясының режиссері Дамир Тастембековті «Ең үздік режиссура» және басты рөлді сомдаған Назерке Назарованы алған сыйлықтарымен құттықтаймын»-деп жазды.