“Баянды сүйдім бәрінен айырылдым” – Тұрсын Алагөзов

0

Белгілі продюссер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сүйіктісіне қол жеткізу үшін барлығынан бас тартқан.

Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

«Өмір — ақылға қонатын немесе қонбайтын шешімдер деп бөлінбейді. Мен ол адамды жақсы көріп қалдым. Ештеңе істей алмадым. Сүйіктім үшін барлығынан бас тарттым. Баянсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім», – дейді Тұрсын Алагөзов.
Ол қазір бұрынғыдай байлығы жоқ екенін, қазір ел қатарлы өмір сүріп жатқанын айтты.
«Ешқандай дүние-мүліктің жоқтығы да оңай екен. Осы күні ешкім алдынан жүгіріп шығып есік ашпайды. Бірақ одан өмірім жаман болып кеткен жоқ. Таңертең жүгіріп спортпен айналысамын. Бос уақытым көп», – дейді кәсіпкер.
Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы алты жылдан бері бірге тұрады.
Бұған дейін Баян Мақсатқызының «Бұрынғы күйеуім бостандыққа шығып, үйленгенін қалаймын» деп айтқанын жазғанбыз.