Баян Мақсатқызының сіңлісі жақында қайтыс болған күйеуіне ән арнады
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_5278-905x613.webp)
Продюсердің күйеу баласы бірнеше күн бұрын қайтыс болды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының сіңлісі Бағым Мұхитденова жуырда қайтыс болған күйеуіне арнап ән шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды осыған дейін продюсер Instagram парақшасында жариялаған.
Бағым Мұхитденова күйеуі Әділжан Юсупов туралы бірауыз ойын жеткізді:
«Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын» — деп жазды Бағым Мұхитденова.
Ал Баян Мақсатқызы марқұм күйеу баласы туралы былай деп естелік жазған:
«Сен жақсы адам, дос, күйеу, әке бола білдің. Біз сені жақсы көреміз. Кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанша сені ұмытпайтын боламыз. Иманды бол», — деп жазған еді продюсер.