Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша төлегенін айтты
Оның айтуынша, біздің елде суррогат ана қызметі өте арзан. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының суррогат аналарға қанша төлегені белгілі болды. Ол бұл туралы отандық арналардың біріндегі «Көреміз» бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.
Оның айтуынша, біздің елде суррогат ана қызметі өте арзан.
«Жалпы, маған бірнәрсені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөздерден-ақ барлығының бағасын біліп алуға болады. Суррогат аналардың жалақысы айына 250-350 мың теңге арасында. Бұл – суррогат аналардың сұрағанына қарайбекітілген баға. Бір суррогат ана 250 мың, екіншісі 350 мың теңге сұрады. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелген күні ай сайынғы жалақыдан бөлек қомақты келіскен гонарарын төлеуге міндеттісің. Қазақстанда суррогат ана қызметі өте арзан. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Мұндай миссия үшін біздегі баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллионға дейін жетеді. Менің жағдайымда бірі 6 жарым миллион теңге сұраса, екіншісі 7 жарым миллион теңге сұрады. Мен мұны тым арзан деп есептеймін. Сондықтан, мен оларға артығымен төледім. Ол менен ондайды күтпеді», – деді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер екі қызын суррогат ана арқылы дүниеге әкелгенін айтқан болатын.