Домой Жаңалықтар Баян Мақсатқызы бизнесін тартып алған Назарбаевтың адамдарын атады (видео)

Баян Мақсатқызы бизнесін тартып алған Назарбаевтың адамдарын атады (видео)

0
1184

Продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі парақшасында Назарбаев кланына жақын адамдар өздерінің отбасылық бизнесін басып алып, тартып алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Өткен аптада олар Galanz Bottlers компаниясына кіріп, қызметкерлерін қуып, ғимарат пен кассаны басып алмақ болған. Олар компанияны банкрот ету үшін барлық мүмкіндікті жасап жатқан көрінеді.

Мысалы, 17 наурызда белгілі тұлғалар ұсталып, қамауға алынғаннан кейін бұл адамдар айғақтарды жауып, сатуды тоқтату үшін бүкіл базаны жоймақ болған.

Баян Мақсатқызы бірнеше аданың есімін атады.

«Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Айдархан Бектібаевты атап өтейін. Ол бұрын зорлықпен адам ұрлағаны үшін сотталған. Басқарманың бұрынғы төрағасы Ильдар Акчурин, сондай-ақ заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам бар. Бұл адамдар Қазақстан Республикасының экономикасына және Galanz Bottlers компаниясының қызметкерлеріне қауіпті», — деп атап өтті Баян Мақсатқызы.

(ақпарат, видео: Nege.kz, фото: ашық ақпарат көзі)