Баян Мақсатқызы әже атанды

0

Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек тұңғышын дүниеге алып келді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Бүгінгі түн ұзақ болды, менің қызым ана атанды. Өмірге сұлу қыз келді! Анасының да, сәбидің де жағдайы жақсы. Біз бақыттымыз», – деп жазды Баян Мақсатқызы.