Баян Алагөзованың қызы мен күйеубаласы жауапқа тартылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Айсәуле Бақытбек өткен жылы көлік жүргізу куәлігінен айырылса, оның күйеуі Әлішер Қайдаров биыл қаңтар айында тура сондай жағдайға тап болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен күйеу баласы Әлішер Қайдаров рөлге мас күйінде отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сот актілерінің банкінде көрсетілген мәліметке сәйкес, өткен жылы Toyota көлігін мінген Айсәуле Бақытбекті Алматының Достық көшесінде жол полицейлері тоқтатқан болатын. Медициналық тексеріс кезінде оның орташа мас күйінде болғаны анықталды. Соттың шешімімен ол үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Тағы оқыңыз: Баян Алагөзованың қызының тойы қалай өтті – видео

Ал Әлішер Қайдаров биыл қаңтар айында мас күйінде ұсталған болатын. Ол Mercedes Benz GL400 matic көлігімен келе жатқанда оны полиция Қажымұқан көшесінде тоқтатты. Қайдаров жол сақшыларына сыра іштім деп ақталуға тырысқан. Алайда Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты оны да үш жылға көлікті жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек пен Әлішек Қайдаров наурыз айында үйленген болатын.



sputniknews.kz