Баян Алагөзова қызының тойда 1,5 млн теңгенің хрусталь туфлиін кигенін көрсетіп мақтанды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Жақында ұзатылған Айсәуле Бақытбек үйлену тойында 1,5 млн теңгенің туфлиін киді. Мұны анасы айтып мақтанды. 


Айсәуле наурыздың 2-і күні ұзатылды. Содан бері желіде ұзату тойы да, үйлену тойы да талқыға түсті. Ел аузында көпке дейін айтылып келді. Бірі қалыңдықтың көйлегін талқыға салса, бірі тойдың қалай өткенін әңгіме қылды. 

Бұған дейін Айсәуленің той көйлегінің бағасы елді қызықтырған еді. Енді қымбат туфли сөз болды. Баян Алагөзова той кезінде қызының туфлиін көрсетіп мақтанды. 

«Қызым, қане хрусталь туфлиіңді көрсетші», — деді видеоға түсіріп тұрған Алагөзова.

Айсәуле қымбат туфлиін көрсетіп елді қызықтырып қойды. 

Көпшілік Баян Мақсатқызының бұл мақтанын дарақылыққа балады.

«Туфлиді көрсетіп, мақтанған қалды ма енді?», «Бекерге ысырап, құр мақтаншақтық», — деп жазды пікір қалдырғандар. 

Аталған хрусталь туфли Jimmy Choo дизайнерінікі. Оның бағасы 1,5 млн теңге тұрады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz