Бағымызға орай айтарлықтай зардаптар болған жоқ – Бектенов жер сілкінісі жайлы

0

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі жайлы отырыста сөз сөйлеп, жауапты мемлекеттік органдарға тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Көріп отырғанымыздай, төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік пен басқа мемлекеттік органдаор орын алған жағдайға қатысты шұғыл әрекет ете білді. Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақтылы іске қосылды. Бағымызға орай айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек, – дейді Бектенов.

Зілзала қайталануы мүмкін

2024 жылдың 4 наурызы сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды. Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. Жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Ал Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.