Бағлан Әбдірайымовтың үш рет инсульт алған анасы ауруханадан шықты — новости Казахстана
Бағлан Әбдірайымов үш рет инсульт алған анасын ауруханадан алып шықты. Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен деп жазады NUR.KZ.
» Ассалаумағалейкум бауырлар! Алланың қалауымен халықтың батасын алып, алты айды артқа тастадық. Енді түк болмағандай жадырап, отбасымызға жүргелі тұрмыз. Алла қаласа, тойға келесіздер», — дейді Бағлан Әбдірайымов.
Айта кетейік, әнші анасының ауыр жағдайы жайлы жазба жариялап көпті жылатқан болатын.
Артынша өнер иесі анасының үш рет инсульт алғандықтан, ұзақ емделуді қажет ететінін айтты.
Сондай-ақ ол өзінің казино ойындарына құмар болып, қарызға белшесінен батқанын да мойындады.
Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Әбдірайымовтың әндерін біздің «Музыка Нур» қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz