Бағдат орталығындағы жарылыстан 32 адам көз жұмды
Бағдад орталығында екі бірдей жарылыстан 32 адам қайтыс болып, 110-ы жарақат алды. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.
Ирак билігі жарылғыш затты Тайаран алаңындағы киім-кешек базарына жанкешті кіргізгенін мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, бірінші жанкешті базарда өзін жаман сезініп жатқанын айтқан. Оған жәрдем беру үшін жанына адамдар топталған кезде, жарылғыш затты іске қосқан. Екінші жарылыс бірінші жарылыстан жарақат алғандарға көмек көрсетіп жатқан кезде болған.
Өлкенің азаматтық қорғаныс штабының басшысы Кадхим Салман бұл оқиғаның артында «Ислам мемлекеті» террорлық тобы тұруы мүмкін деді.
Бұл Ирактың бас қаласындағы 2018 жылдың басындағы жарылыстан бергі ең қанды шабуыл болды. Ол кезде дәл осы Тайаран алаңында жанкешті өзін жарып, 30-дан астам адам қаза болған.