Бағдат Мусин шындықты мойындады: 1200 ауылда интернет жоқ, оған тарту қиын әрі қымбат

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин Ұлттық арнаның «Апта» бағдарламасында: «Талай ауылға интернет тарттық, бірақ оның сапасы керемет дей алмаймыз. Ал, 1200 ауылда интернет жоқ, соның мыңға жуығына тарту қиын әрі қымбат. Сондықтан, бүкіл елді интернетпен қамтимыз деп айта алмаймын» деп шынын айтты.

Естеріңізде болса, осыдан аз ғана уақыт бұрын Асқар Мәмин елдің 99%-ы интернетпен қамтылған деп айды аспанға шығарған болатын.

Бағдат Мусин 1200 ауылдың басым көпшілігінің адам саны 250-ге жетпейтінін, ол ауылдарда мүлдем интернет жоқ екенін айтты. «Біздің 1 пайыз деп отырғанымыз осы» деді министр.