Бағдаршаммен «тілдесе алатын» ақылды автомобиль таныстырылды

0
17 Қараша 2018, 14:29 462 0

Алматы,BAQ.KZ. Jaguar автомобиль концерні бағдаршамдармен «тілдесе алатын» және жолдағы кептелістерді болжауға мүмкіндік беретін жүйені таныстырды.

Жаңа жүйе Green Light Optimal Speed Advisory (GLOSA) деп аталады және Jaguar автокөліктерінде қолдануға арналған. Арнайы датчиктер көлік жолындағы бағдаршамдарды бақылап, жылдамдықты қашан қосу қажет, ал басқа көліктерді алға өткізіп, жылдамдықты азайту керектігін анықтап отырады. Егер адам жүйені тыңдайтын болса, жүргізуші жолында бағдаршамның қызыл сигналдары жиі түседі, деп жазады Лайф.ру.

Сарапшылар GLOSA инновациялығын жоғары бағалады, алайда оның қазіргі жағдайдағы жұмыс істеуі мүмкін емес екенін айтады. Себебі көлік бағдаршамдармен «сөйлесу» керек, ол үшін тиісті инфрақұрылымды ретке келтіру керек. Екіншіден, диалог нарықта әлі де енгізбеген 5G стандарты бойынша болуы тиіс.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз