Багаж толы гүл: Нұрболат Абдуллин қызын туған күнімен ерекше құттықтады

0

Әнші Нұрболат Абдуллин қызы Шахназды туған күнімен ерекше құттықтады. Қызына багаж толы гүл сыйлаған өнер иесінің видеосы желіде көпшілікті сүйсінтті, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Нұрболат Абдуллин видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Видеодан әншінің екі үлкен қызына багаж толы гүлді көрсеткенін байқауға болады. Ал бұл сәтте Нұрболат Абдуллинің екі қызы қатты қуанған.

«Қызым, көпшілікке әкең үлгі. Сендер деп шегемін ғой сапарымды. Ағайын бар бақытым отбасым ғой. Олар қайтсін әншілік, атағымды?! Тілектің шәрбаттыссын жолдаңыздар. Құттықтап, менің шырын Шахонымды», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің қызына тілегін жазып, жарыса пікір білдірді. «Туған күні құтты болсын», «Құттықтаймын», «Бақытты болсын», — деп жазды желідегілер. 

фото: nurbullin инстаграмм парақшасынан