БАӘ-ден Талдықорғанға келген жолаушылардың талдау нәтижелері белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысына Шарджадан келген 135 жолаушының талдау нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

«Барлық жолаушыдан келген соң КВИ-ға талдау жасалды. Бәрінде теріс нәтижені көрсетті.  Алгоритмге сәйкес, олар ұшып келген соң карантинде екі күн болуы тиіс. Осы мерзім аяқталған соң облыс әкімі Амандық Баталов олардың әрқайсысын тұрғылықты жеріне тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды. Қазір дайындық шаралары жүргізілуде», — деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Шарджа-Талдықорған бағытындағы борт 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:30-да қонды. Жолаушыларды қарсы алу үшін санитарлық дәрігерлер, 5 жедел жәрдем кареті, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кеденшілер мен шекарашылар жұмылдырылды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша штаб құрылып, оны аймақ басшысының бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов басқарды.

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, операцияның бірінші кезеңінде келгендердің барлық жүгі мұқият залалсыздандырылды. Содан кейін, 135 жолаушы телеметрия рәсімінен өтті, ол барлық жолаушының температурасы қанағаттанарлық екенін көрсетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін операцияға тартылған барлық кездесуші адамдар обаға қарсы киімдермен қамтамасыз етілді. Әуежайда барлық процедуралардан өткеннен кейін рейстің жолаушылары автобустарға ауыстырылып, полицияның ілесіп жүруімен уақытша стационарларға жеткізілді және орналастырылды. 

«45 адам Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің біріне орналастырылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшенің тұтас бөлігін жабу туралы шешім қабылданды. Қалған 90 адам «Текелі» шипажайында орналасқан. Екі нысанның периметрі бойынша полиция кордоны қойылды. Аталған рейспен келген адамдардың ғимарат аумағынан тыс жүріп-тұруына қатаң шектеу қойылды. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, отандастарымыз үшін карантин кезінде жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Тегін тамақтану, түрлі бағыттар бойынша кеңес беру қарастырылған», — деп толықтырды ведомстводан.

Өз кезегінде келген жолаушылар қарсы алған тұлғаларға қонақжайлығы үшін алғыстарын білдірді.

 

stan.kz