БАӘ-де 48 қабатты тұрғын үй ғимараты өртеніп кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласындағы Аббко мұнарасынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шарджа қаласының БАҚ үкіметтік басқармасының мәлімдемесі бойынша, тұрғын үй ғимаратындағы өрт сейсенбі күні кешке басталған.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің дерегі бойынша өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында басталған, деп хабарлады Gulf News газеті.

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, жақын маңдағы ғимараттардың тұрғындарын эвакуацияланды. 

Ресми ақпарат бойынша, төтенше жағдай салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Жеті жаралан адам жақын маңдағы ауруханаға жіберілді.

Бұл ретте отқа оранған пәтерлерде адамдардың бар-жоғы туралы әлі де мәлімет жоқ.

https://www.youtube.com/watch?v=xOVHojoWn1s

 

stan.kz