БАӘ банктерінде қазақстандық шенеуніктердің 308 млрд теңгесі сақталған
Шетелдік банктерде қазақстандық 354 мемлекеттік қызметкердің 530 миллиард теңгесі сақтаулы тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
LS басылымының жазуынша, мемлекеттік кірістер комитеті ел шенеуніктерінің шетелдегі қаржысы 59 мемлекетте сақталғанын мәлім еткен. Мұндай деректер мемлекеттік қызметкерлердің міндетті декларациялауы кезінде алыныпты.
Біріккен Араб Әмірлігінің банктеріндегі 22 есепшотта 308,48 миллиард теңге бар екен. Ал Сингапурде қазақстандықтарға тіркелген 5 есепшотта 158,04 миллиард теңге сақтаулы тұр. Швейцария банктеріндегі 33 есепшотта барлығы 36,08 миллиард теңге бар.
Қазақстандық мемлекеттік қызметкер Ресейде 95 есепшот ашқан, дегенмен жалпы сомасы 3,26 миллиард теңге. АҚШ-та ашылған 64 есепшотта 1,1 миллиард теңге бар.