Б.Сағынтаев облыс әкімдеріне тапсырма берді

0

Б.Сағынтаев облыс әкімдеріне жылу беру маусымының өтуі кезеңін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Үкімет отырысында Премьер-министр жылу беру маусымының өтуі мәселесін қарап, биылғы жылыту маусымы елеулі технологиялық ақаусыз, қалыпты өтіп жатқанын ескеріп,  барлық өңір әкімдерінің жіті бақылауында болуы керегін тапсырды. Бұдан өзге, қатты аяз болжанып отырған өңірлерді және алдағы мерекелік күндерді ескеріп, жергілікті атқарушы органдарға жылумен, энергиямен жабдықтау ұйымдарын қажетті көлемде отынмен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар, техникалық ресурстар тартуды, тиісті ұйымдар мен бригадалардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыруды тапсырды.

Жиынға Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек дәне бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдалды.

Дереккөз: Айқын