Азық-түлік бағасы тоқтаусыз өсіп, қымбаттап жатыр

0
55

Азық-түлік бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Спикердің хабарлауынша, ақпандағы жылдық инфляция 7,4% деңгейіне жетті. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі – әлемдік тауар нарығы мен отандық өндірушілердің бағаны аспандатып жіберуіне тікелей байланысты болып отыр. Яғни, жекелеген тауар нарығының өкілдері бағаны негізсіз өсіріп жіберді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, өткен айға дейін ет және ет өнімдері, нан-тоқаш, жарма бағалары өсіп, ақпан айында баға өсімі баяулады. Қазақстанда ғана емес, азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан тоғыз айға созылды. Осылайша, азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді.

Алайда қазір жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда.