«Әзірге ондай жоспар жоқ»: Арман мен Аша ажырасуға қатысты сұраққа жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0
145

Жанкүйерлерінің ойын сақ саққа жүгірткен Арман мен Аша көпшіліктің сынына жауап берді. Олар «Ау, жаным» бейнебаянын шығарарда хайп жасағандарын жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, жұлдызды жұп өздерінің әншілік, актерлік қабілетін сынағандарға жауап берді.

Арман мен АшаБұл туралы Stan.kz «Гәкку» арнасының Follow Wars бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз пиар жасаған жоқпыз. Солай болып қалды. Ойға азық салып бердік. Бірақ қиялдап, құрастырып алған өздеріңіз», – дейді Арман мен Аша.

Оқырмандардың бірі отбасымен ойнауға болмайтынын, ойыннан өрт шығуы мүмкін екенін ескертті. Оған жұлдызды жұп:

«Құдай сақтасын, барлығы Алланың қолында. Дегенмен де әзірше ондай жоспар жоқ», – деп жауап берді.

Келесі бір көрермен Ашаның ән айту, ал Арманның актерлік қабілетін сынға алған.

«Арман, мен ән айтпай-ақ қояйыншы, сахнаға шықпай-ақ қояйыншы» деп үнемі айтамын. Ол «барлығы жақсы» деп мені қанаттандырады. Әрқайсымыз өз кемшіліктерімізді білеміз», – дейді Аша.

«Мені кастингтерге өздері шақырады. Мен қатты актер болғым келмейді. Кешіріңіздер. Ұнамаса, көрмей-ақ қойыңыздар», – дейді Арман.

stan.kz