«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

0

Астана, KzNews. Астанадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жиналыс өтті. Бұл туралы muftyat.kz сайты жазды.

Алқалы жиын барысында бас мүфти ҚМДБ-ның бiрiншi наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және Астана қаласы бойынша өкілі болып тағайындалғанын жеткізді.

Сондай-ақ бас мүфти жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарды сараптай келе елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандандыра түсу үшін Наурызбай қажы Тағанұлы секілді білікті басшының қажет екенін атап өтті. Жақында ғана ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ Кеңсесінің жұмысын жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін де айрықша бағалайтынын айтты.