Әзірбайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатты

0

Әзірбайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатуға кірісті. Тиісті қаулыға ел премьер-министрі Әли Асадов қол қойды.

— Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұрақты тұратын, бірақ Ресей азаматтығы жоқ адамдар бір күнтізбелік жыл ішінде Әзербайжанда 90 күннен аспайтын визасыз жүре алады, — делінген ведомство сайтында жарияланған құжатта.

Министрлер кабинетінің қаулысы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  Бұған дейін ресейліктер Әзербайжанда жылына 180 күнге дейін визасыз жүре алатын.
фото: Риа Новости/ Нина Зотина