Әзілкеш Нұржан Төлендиев қызына сырға салу рәсімін өткізді (фото, видео)

0

Осыдан біраз уақыт бұрын әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын айтқан болатын. Ал күні кеше әзілкештің тұңғышы Қорланға құдалар жағы дәстүр бойынша сырға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілікке қуанышын әзілкештің өзі әлеуметтік желі арқылы бөлісті. «Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен қызым өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің! Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың», — деп жазды Нұржан Төлендиев Instagram парақшасында.

Видеода әзілкештің қызы Қорланның құлағына болашақ қайын жұрты сырға салып, үлкендер жағы бата берген. Төлендиев жариялаған видеодан құдалықтың дүркіреп өткенін байқауға болады. Желі қолданушылары әзілкештің ұзатылғалы отырған қызына бақыт тіледі. «Бақытты болсын», «Бағы жансын», «Қосағымен қоса ағарсын», — деп жазды желідегілер.