«Ажырастың ғой, орамалыңды шеш»: Мөлдір Әуелбекова өзіне кеңес берген оқырманына жауап берді

0

Жақында ажырасқанын мәлімдеген Мөлдір Әуелбековаға желідегі оқырмандары сан түрлі кеңестерін айта бастады. Соның бірі — орамалды шешу. Алайда әнші хиджаб кию туралы шешімі тұрмыста болуына байланысты емес екенін алға тартты. Елдің сөзінен жауыр болған Мөлдір бұл мәселеге нүкте қоюды жөн деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жекеме: «Ажырастың ғой, енді шашыңды жайып орамалыңды шешсең жақсы болар еді, әлі жассың, қартайғанда киіп үлгересің!» — деген сыңайлы хаттар тоқтаусыз әлі келіп жатыр… Түсінемін, ұнатпай жатқандар бар!( бәріне топырақ шашпаймын).
Құрметтілерім, мен орамалды біреу үшін кимедім ғой! Мен Алла разылығы үшін кидім емес пе?! Орамалға келуім де ұзақ болды, 5 жыл ниеттеніп жүріп кидім. Алдыңғы посттың бірінде жазғанмын, мүмкін оқымағандарыңыз бар шығар… Яки, әр адам түбінде өзі үшін жауапты. Әркімнің таңдауы өзінде! Бастысы, ешкімге зияны немесе кесірі тиіп жатқан жоқ қой! Аласапырып жалаңаштанып жүргенім жоқ қой?! Неге сонша тітіркенесіздер орамалыма?!

Қартайғанда киіп үлгересің дейтіндей қартаятынымызға кім кепіл? Кімнің қанша ғұмыр кешетінін тек Алла біледі емес пе? Қаншама жастар кетіп қалып жатыр… Атам заманда шашты қазақта жесір әйел ғана жаятын емес пе еді? Ауыр айтпаңыздаршы! Өтініш! Бұл менің таңдауым! Алланың бұйрығын — менің жаулығымды сыйлаңыздаршы! Иә, мен бұның бәрін елемей қоя салсам да болады! Бірақ, 99 күнә тілден деген бар. Біз мұсылман қауым бір бірімізге бауырмыз! Жанашырмыз! Сол себепті, ең болмаса ұнамаса жәй өтіп кете салыңыздаршы! Тілден күнә жинамаңыздаршы!» — деп жазба қалдырды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Әнші ештеңеге қарамастан өнерін бағалап, өмірлік ұстанымын қолдап жүргендерге алғыс білдірді. Айта кетейік, жақында Мөлдір екінші күйеуімен ажырасқанын айтты.