Әжесінің дәрілерін ішкен. Оқушы сабақ үстінде қаза тапты

0

Шымкентте сегізінші сынып оқушысы сабақ үстінде қаза тапты. Бұл туралы Алматы арнасы жариялады.

Оқиға қаладағы жекеменшік оқу орындарының бірінде болған.

Ақпаратқа сүйенсек, оқушы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. 

Оқушы қыз сабақ уақытында сұранған, бірақ мұғалім оны жібермеген. Салдарынан жедел жәрдем келгенше 14 жастағы қыздың жүрегі тоқтап, сабақ үстінде есінен танып қалған.

“Науқас өте ауыр жағдайда келді. Ол бірден жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жүрегі үш рет тоқтап қалды. Қайта-қайта жүрегін қайта соғуға тырысқанымызбен, науқасты аман алып қала алмадық», –  дейді Т.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Қазір полиция «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Қылмыскер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алдын ала болжам бойынша, қыз әжесіне арналған жүрек таблеткаларын қабылдаған, бұл өлімге әкелуі мүмкін.

“Қазан айында сынып жетекшісі қыздың білегінің кесілгенін байқады. Анасын шақырдық. Қызды осы уақыт бойы психолог бақылаған. Дегенмен олар бұл қыздың жай ғана өзіне назар аудартуы деді. Бірақ мұндай жағдайдың барлығы мектепте бақылауға алынады. Анасына бәрі белгілі болған», – дейді жекеменшік мектеп директоры Юлия Корбан.

Полиция жағдайды тергеп жатыр.

фото: Дмитрий Кандинский / vtomske.ru