Әжесімен бірге жылап тұрып ішек-қарын тазалаған қыз жұртты күлдірді

0

Әлеуметтік желі қолданушысы инстаграмм парақшасына ішек қарын тазалап жатқан әжей мен қыздың видеосын жариялайды. Қыз еңіреп жылап тұр. Мұны көрген оқырмандар қызықтап, бір күліп алғандарын жазуда.

«Бүгін таңымыз қарын тазалаудан басталды. Жания, жылама. Біз Жанияға қарынды қалай тазалау керегін, қарынды қалай ұстап тұру керегін үйретіп жатырмыз. Біз бәріміз бала кезде мұны жасадық. Қаланың балалары мұндайды білмейді», — дейді видео авторы.