Әже болуды ырымдап іш киім кигендер масқара болды — новости Казахстана
Немере сүюді армандаған келіншектер жаппай іш киім кигендерінің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.
Видеоны Facebook парақшасындағы «Таң қалмаңыздар» тобында жариялаған.
Видеодан жиында отырған келіншектің бірі «Әже болғым келеді» деп, іш киім таратып, өзге әйел адамдарға кигізіп жатқанын көруге болады.
Видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.
Желі қолданушылары ересек әйелдердің бұл қылығын қатты сыңға алған.
«Не деген масқара. Қазақтың әйелдері өздері. Күйеулері көрсе не дейді?», «Ұтясыздар», «Жастарды бұзылған дейміз. Үлкендеріміздің жетісіп тұрғаны шамалы»,- деген пікірлер жазылған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz