Әзербайжан Шушаны алды, Шуша – Түркістан сияқты қасиетті қала

0
1297
Advertisement

Әзірбайжанның қарулы күштері Таулы Қарабақтағы Шуша негізгі қаласын бақылауға алды. Бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында 8 қараша ел тарихына мәңгілікке енетінін атап өтті.

«Шуша оккупациядан босатылды. Шуша— біздікі! Қарабақ — біздікі! Осы оқиғамен бүкіл Әзірбайжан халқын құттықтаймын», – деді Әлиев.

Сондай-ақ, президент Армения Баку шарттарын қабылдамаса, Әзірбайжан Қарабақ мәселесіне қатысты соңына дейін баратынын атап өтті.

7 қарашада Армения Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Арцрун Ованнисян Шуша маңында жалғасып жатқан ауыр шайқастар туралы айтты. Ованнисянның айтуынша, Әзірбайжан қалаға шабуыл жасау үшін жаңа күштер тартты, Шушаның маңайында ауыр қақтығыстар орын алуда, Таулы Қарабақтың Қорғаныс Армиясы Әзірбайжан Қарулы Күштерінің күштерін ұстап тұр.

Таулы Қарабақ төңірегіндегі аумақтық қақтығыс 27 қыркүйекте Әзірбайжан армяндар тарапынан арандатушылық жасағанын айтқан соң, шабуыл жасап, жағдай күрт шиеленісе түсті. Содан бері тараптар қақтығысты тоқтату  мақсатында үш рет келісімге келді, бірақ оның пайдасы болған жоқ. Соңғы келісілген шиеленісті тоқтату режимі 26 қазанда күшіне енді.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз