Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нота Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Әзербайжан азаматтарын ұстау кезінде қару қолданғандықтан жіберілген

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бакудегі елшісі Сержан Әбдікәрімовке нота табыстады, деп хабарлайды Sputnik  Әзербайжан.

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министрдің орынбасары Халаф Халафов Қазақстанның елшісімен кездесу өткізіп, Каспий теңізінде Әзербайжан азаматтарын ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты жағалау күзетінің қару қолдануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

30 сәуірде шекара қызметінің жағалау күзеті Әзербайжанның төрт азаматын ұстау кезінде қарудан оқ атқан. Салдарынан бір адам қаза болып, екеуі жараланды.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады

Әзірге көз жұмған азаматтың денесі Әзербайжанға жіберілген жоқ.

Халафов кездесуде Қазақстан елшісіне Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің нотасын тапсырды.

Sputnik ақпарат агенттігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне осы мәселеге қатысты сұрау жіберді.



sputniknews.kz