Әзербайжан банкіне жұмсалған зейнетақы қорының қаражаты қайда?

0

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» атқарушы директоры Әзербайжан банкіне жұмсалған инвестиция туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» компаниясының атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне жасалған инвестиция туралы айтты.

«Әзербайжанның халықаралық банкінен алынған облигацияларға қатысты сауал жиі түседі. Салымшылар Әзербайжанның банкіне берілген қаражат елге қайтарылмады дегенді айтады. Алайда бұл шындыққа жанАспайды «, — деп жазды Өтеғұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

2014 жылдың қазан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» зейнетақы активтері есебінен Әзербайжанның халықаралық банкінен құнды қағаз сатып алынды. Жалпы сомасы – 250 миллион доллар. 2017 жылдың мамыр айында бұл банктің банкрот болғаны белгілі болды. Тиісті өтініш Нью-Йорк сотына жіберілген. Кейін банктің қайта құрылды. 

Еске сала кетсек, 2018 жылы жазда зейнетақы қорында үлкен дау-дамай шықты. Салымшылардың 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның банкрот болған халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды. Бұл оқиғадан кейін қордағы миллиардтаған қаржының сақталуына қоғам алаңдаушылық білдірді. Ал кейбір экономистер мұндай ақылға қонымсыз шешімге таңданысын жасырмады.



sputniknews.kz