«Азаттық» тілшісі Қазис Тоғызбаев көз жұмды

0

Алматыда 28 ақпанда журналист Қазис Тоғызбаев 72 жасында коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазис

25 қаңтарда Қазис Тоғызбаев коронавирусқа шалдыққандықтан ауруханаға жатқызылған. Бір айдан кейін емделіп шыққан оның жағдайы қайта нашарлапты. Ал бүгін жақындары оның жүрегі тоқтағанын мәлім етті.

Қазис Тоғызбаев 2008 жылдың қыркүйегінен бері Азаттық радиосының Қазақ қызметінде тілші ретінде жұмыс істеген. Ол әскери қызметінен соң журналистикаға, фотожурналистикаға бет бұрған. Оппозициялық «Сөз» және «Азат» газеттерінде қызмет етіп, kub.info сайтында блог жүргізген. Ол Алматыағы Шаңырақ ықшам ауданынан жұртты күштеп көшіру жайлы фоторепортаждар жасаған.

Қазис Тоғызбаев 2007 жылы қаңтарда Қазақстандағы демократиялық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін «Азаттық» сыйлығымен марапатталды.

Stan.kz редакциясы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады.