Азаттық тілшілеріне белгісіз біреулер шабуыл жасады

0

Бүгін, 22 шілдеде Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады. Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Тілшілермен ғимараттың бірінші қабатында бірнеше әйел кездесіп, журналистерге түсіруге кедергі келтіріп, мән-жайды түсіндірместен шабуыл жасады.

«Жиын басталмас бұрын жиырмаға жуық әйел келді. Олар шу шығарып, баспасөз жиынына келген журналистердің камерасын, ұялы телефондарын тартып алуға әрекет жасады. Жиынға келген өзге де адамдарға шабуыл жасады. Оларды тығып қоймақ болып едік, есікті сындырмақ болды. Қазір тіпті полиция оларды тыныштандыра алмай жатыр» деді бюро өкілі Сергей Дуванов.

Дувановтың сөзінше, бұлар «билікке ұнамайтын баспасөз маслихатын болдыртау үшін кетген «титушкалар». Бұл осындай наразы топтың айқай-шумен өткізуге кедергі жасап, болдырмай тастаған үшінші баспасөз жиыны екенін айтты.

Azattyq