Азаттық радиосы Ресейдің Жоғарғы сотына шағымданады
«Азат Еуропа / Азаттық Радиосы» (АЕ/АР) медиакорпорациясы Ресейдің Жоғарғы сотына шағымданбақ.
2018 жылы 5 шілдеде Мәскеудің Твер аудандық бітімгершілік соты»Азат Еуропа / Азаттық Радиосы» (АЕ/АР) медиакорпорациясына Ресей Әділет министрлігінің шағымы бойынша 100 мың рубль (1,440 доллар) көлемінде айыппұл салған. Медиакорпорация сот шешімімен келіспей, Ресейдің Жоғарғы сотына шағым түсірмек.
Министрлік корпорацияны «шетел агенті» деп танылған үкіметтік емес ұйым ретінде мемлекеттік органдарға қаржылық мәліметін бермеді» деп сотқа берген.
Оқи отырыңыз: Асыра сілтеген «қарымта»
2017 жылы 5 желтоқсанда Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық Радиосы, «Америка дауысы» радиосын, «Настоящее время» телеарнасын, АЕ/АР-дің Орыс редакциясын (Радио Свобода), оның Татар-башқұрт қызметін (AzatliqRadiosi), АЕ/АР-дің «Фактограф», «Idel.Реалии», «Кавказ.Реалии» және «Крым.Реалии» жобаларын «шетел агенті» тізіміне қосқан.
Дереккөз: Азаттық